Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2018
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 653 бұйрығы 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 желтоқсанда № 12427 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 жылғы № 536 Бұйрығына сәйкес
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«1. Осы бұйрыққа 1-523-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары бекітілсін.»;
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым Министрінің
 2015 жылғы 24 қарашадағы
 № 653 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым Министрі
 міндетін атқарушының
 2013 жылғы 16 тамыздағы
 № 343 бұйрығына
 286-қосымша
ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ 6М072700-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (сала бойынша)
 (ғылыми және педагогикалық бағыт)
Академиялық дәрежесі:  6М072700-«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Пәндер циклі Пәннің коды Пәннің атауы Кредиттер саны Семестр Бақылау түрі
БП Базалық пәндер 20    
МК Міндетті компонент 8    
  GTF 5201 Ғылым тарихы мен философиясы 2 1 емтихан
ShT 5202 Шетел тілі (кәсіби) 2 1 емтихан
Ped 5203 Педагогика 2 1 емтихан
Psi 5204 Психология 2 1 емтихан
ТК Таңдауы бойынша компонент 12    
КП Кәсіптік пәндер 22    
МК Міндетті компонент 2    
  TOOGN 5301 Тамақ өнімдері өндірісінің ғылыми негіздері 2 1 емтихан
ТК Таңдауы бойынша компонент 20    
  Теориялық оқытудың барлығы 42    
ОҚТ Оқытудың қосымша түрлері 13-кем емес  
ППЗ Практика (педагогикалық, зерттеу) 6* - кем емес   есеп беру
МҒЗЖ Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы 7-кем емес   есеп беру
ҚА Қорытынды аттестаттау 4    
КЕ Кешенді емтихан 1    
МДРжҚ Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау 3    
  БАРЛЫҒЫ 59-кем емес  
Е с к е р т у–*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінетін кредиттердің санын көбейте алады.
Полная версия
ИС BestProfi