1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2018
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 653 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 18 желтоқсанда № 12427 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 жылғы № 536 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
«1. Осы бұйрыққа 1-523-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 286, 287, 289, 294-қосымшалар 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 653 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығына 286-қосымша
ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ 6М072700-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (сала бойынша) (ғылыми және педагогикалық бағыт)
Оқу мерзімі: 2 жыл
Академиялық дәрежесі: 6М072700-«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Пәндер циклі | Пәннің коды | Пәннің атауы | Кредиттер саны | Семестр | Бақылау түрі |
---|---|---|---|---|---|
БП | Базалық пәндер | 20 | |||
МК | Міндетті компонент | 8 | |||
GTF 5201 | Ғылым тарихы мен философиясы | 2 | 1 | емтихан | |
ShT 5202 | Шетел тілі (кәсіби) | 2 | 1 | емтихан | |
Ped 5203 | Педагогика | 2 | 1 | емтихан | |
Psi 5204 | Психология | 2 | 1 | емтихан | |
ТК | Таңдауы бойынша компонент | 12 | |||
КП | Кәсіптік пәндер | 22 | |||
МК | Міндетті компонент | 2 | |||
TOOGN 5301 | Тамақ өнімдері өндірісінің ғылыми негіздері | 2 | 1 | емтихан | |
ТК | Таңдауы бойынша компонент | 20 | |||
Теориялық оқытудың барлығы | 42 | ||||
ОҚТ | Оқытудың қосымша түрлері | 13-кем емес | |||
ППЗ | Практика (педагогикалық, зерттеу) | 6* - кем емес | есеп беру | ||
МҒЗЖ | Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы | 7-кем емес | есеп беру | ||
ҚА | Қорытынды аттестаттау | 4 | |||
КЕ | Кешенді емтихан | 1 | |||
МДРжҚ | Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау | 3 | |||
БАРЛЫҒЫ | 59-кем емес | ||||
Е с к е р т у–*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінетін кредиттердің санын көбейте алады. |
Полная версия