Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
«Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1061 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 20.11.2019 жылғы № 861 Қаулысына сәйкес
1. «Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-күжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
«10-1) стратегиялық жоба – ұлттық басқарушы холдинг немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар айқындайтын, мынадай өлшемшарттарға сай келетін жоба:
жоба құны (сметалық және (немесе) бағалау) ағымдағы жылдың басына ұлттық басқарушы холдингтің немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымның жеке капиталының жиырма бес пайызынан асады; экспортқа бағдарлануы және/немесе импортты алмастыруы;».
«29) инвестициялық стратегиялық жобаларды, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Полная версия