Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 787 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2018 жылғы № 818 Қаулысына сәйкес (29.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 20.11.2019 жылғы № 861 Қаулысына сәйкес
Редакция 10.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы » 2003 жылғы 13 мамырдағы және «Мемлекеттік мүлік туралы » 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
1-тармақ  жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2018 жылғы № 818 Қаулысына сәйкес (29.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар акцияларының пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
2-тармақ  жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2018 жылғы № 818 Қаулысына сәйкес (29.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 мамырдағы
N 787 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидалары
Құжат мәтініндегі «Үлгі ережеде», «Үлгі ереже», «Үлгі ереженің», «Үлгі ережеге» сөздері «Үлгілік қағидаларда», «Үлгілік қағидалар», «Үлгілік қағидалардың», «Үлгілік қағидаларға» сөздерімен, «Сатып алу ережесі», «Сатып алу ережесінің», «Сатып алу ережесінде», «Сатып алу ережесіне» сөздері «Сатып алу қағидалары», «Сатып алу қағидаларының», «Сатып алу қағидаларында», «Сатып алу қағидаларына» сөздерімен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 10.12.2018 жылғы № 818 Қаулысына сәйкес (29.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.05.2019 жылғы № 280 Қаулысына сәйкес (10.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг (бұдан әрі – ұлттық басқарушы холдинг), ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар (бұдан әрі – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар), сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» және 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес әзірленді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.10.2011 жылғы № 1141 Қаулысымен (05.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2018 жылғы № 818 Қаулысына сәйкес (12.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастырудың үлгілік қағидалары негізінде Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызмет ерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) әзірлейді және бекітеді.
2. Осы Үлгілік қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.09.2012 жылғы № 1139 Қаулысымен (06.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
2) жергілікті қамту - сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылған Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының осы шарт бойынша жалпы еңбекақы төлеу қорынан және (немесе) сатып алу туралы шарт бойынша тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасы резиденттерінің жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндіру өлшемдеріне сәйкес тауарда (тауарларда) белгіленген қазақстандық шығу тегі үлесінің (үлестері) құнынан пайыздық қамту;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жетімділік нүктесін беретін мемлекеттік ақпараттық жүйе (www.goszakup.gov.kz);
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.04.2016 жылғы № 188 Қаулысымен (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2016 жылы № 70 (28798) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.04.2016 жылғы № 188 Қаулысымен (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2016 жылы № 70 (28798) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.04.2016 жылғы № 188 Қаулысымен (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.04.2016 жылы № 70 (28798) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасалған шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
Полная версия
ИС BestProfi