Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.08.2017
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 152 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік қызметшілердің ант беру
ҚАҒИДАЛАРЫ
Қағидалар күшін жойды ҚР Президентінің 16.08.2017 жылғы № 532 Жарлығына сәйкес
Редакция 14.03.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Мемлекеттік қызметшілердің ант беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына және 21-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ант беру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметке алғаш кірген не мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған жаңадан кірген, сондай-ақ әкімшілік не өзге мемлекеттік лауазымнан саяси мемлекеттік лауазымға өткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері ант береді.
3. Мемлекеттік саяси қызметшілер әкімшілік не өзге мемлекеттік қызметке ауысқан, сондай-ақ басқа мемлекеттік саяси лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Президентіне ант беру көзделетіндерін қоспағанда, қайтадан ант бермейді.
1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, кеңесшілері; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары; облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері – Қазақстан Республикасының Президентіне;
2) егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгедей шешім қабылдамаса:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның орынбасарлары; ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары; министрлердің бірінші орынбасарлары және орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне;
2-тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 27.10.2016 жылғы № 362 Жарлығына сәйкес (05.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 04.03.2016 жылдан бастап және 31.12.2017 жылға дейін әрекет етеді)
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері; Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры және оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволарының басшылары, олардың орынбасарлары; «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры, директордың орынбасарлары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына;
2-тармақшаның үшінші абзацы өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2016 жылғы № 272 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 31.10.2016 жылғы № 366 Жарлығына сәйкес (27.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақшаның үшінші абзацы өзгертілді ҚР Президентінің 04.11.2016 жылғы № 369 Жарлығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
2-тармақшаның үшінші абзацы өзгертілді ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығымен (04.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы; Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілдері; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары; Адам құқықтары жөніндегі уәкіл - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына;
2-тармақшаның төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2016 жылғы № 349 Жарлығына сәйкес (01.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
облыс әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдері – облыстар әкімдеріне;
астананың және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары – тиісінше астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне;
Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері; халықаралық ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі; халықаралық ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріне ант береді.
5. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары мен олардың орынбасарлары ант беретін лауазымды адамды Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бюросы айқындайды.
6. «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері сынақ мерзімін сәтті өткізген күннен бастап бір ай ішінде ант қабылдайды.
7. «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға ант береді.
«Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.
8. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгедей шешім қабылдамаса, «А» корпусының мына мемлекеттік қызметшілері:
орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының басшысы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына;
облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдері аппараттарының басшылары; облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері – тиісінше облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерiне ант береді.
9. Орталық атқарушы органдар ведомстволарының басшылары тиісті орталық атқарушы органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.
9-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 31.10.2016 жылғы № 366 Жарлығымен (27.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері тиісінше облыс, астана, республикалық маңызы бар қала мәслихатының сессиясында ант береді.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері облыстар аудандарының әкімдеріне ант береді.
10. Ант берудің салтанатты рәсімі тиісті қызметтік ғимараттың ресми рәсімдер мен қабылдауларға арналған залында өткізіледі.
Ант беру кезіндегі міндетті атрибуттар – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен Мемлекеттік Туы.
Ант берудің салтанатты рәсімі антты қабылдаушы лауазымды адамның кіріспе сөзімен басталады. Ант беретін адам мінберге шақырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына қолын қойып тұрып, ол анттың мәтінін айтады немесе оқып береді, содан соң оған қол қояды және антты қабылдаған лауазымды адамға береді.
Залға ант беретін мемлекеттік қызметшілерден басқа өзге де лауазымды адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік саяси қызметшінің, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшінің, тиісінше ресімделген және мемлекеттік немесе орыс тілдерінде басылған антының мәтіні ант берушінің қалауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшесі антының мәтіні «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.
Ант бергеннен кейін антты қабылдаған лауазымды адам қысқаша құттықтау сөз сөйлейді.
Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен аяқталады, оны қатысушылар орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.
11. Мемлекеттік қызметшінің қолы қойылған, ант беру күні көрсетілген ант мәтіні бар бланк оның жеке ісінің материалдарында сақталады.
Қызметшінің қызметтік тізіміне ант беру туралы тиісті жазба енгізіледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісінің
Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отанымды өркендету ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.
Қазақстан Республикасымемлекеттік әкімшілік қызметшісінің
Мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халқыма адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.
Полная версия
ИС BestProfi