Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 969 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12471 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Заң» деректер базасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ.Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар мен талаптар) белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар мен талаптар) (бұдан әрі – Жұмыс стандарттары) белгілеу тәртібін анықтайды.
3. Жұмыс стандарты – қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген жұмыс технологиясын іске асыруға, сондай-ақ анықталған қателерді анықтауға мүмкіндік беретін қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар мен талаптар.
«Іс-қимыл алгоритмі» – міндеттердің, функциялардың нақты жұмыс учаскесіндегі іс-әрекеттерді орындау реттілігінің толық сипаттамасын, сондай-ақ жұмыс нәтижелеріне қойылатын стандартты талаптарды құрайды.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) департаменттері, дербес басқармалары, комитеттері олардың құрылымдық бөліністері құрамындағы лауазымдар бойынша Жұмыс стандарттарын, сондай-ақ әрбір басқару деңгейі бойынша қызметтің барлық бағыттарын ескере отырып, әрбір лауазым атауы бойынша үлгілік Жұмыс стандарттарын белгілейді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 21.11.2019 жылғы № 999 Бұйрығына сәйкес (26.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 14.10.2021 жылғы № 632 Бұйрығымен (21.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ішкі істер министрлігінің Екінші арнайы басқармасы Казақстан Республикасы Ішкі істер министрінің көмекшісі лауазымы бойынша Жұмыс стандарттарын белгілейді.
Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаментіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі бастықтарының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің, Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу оларға жетекшілік ететін қызметтерге жүктеледі.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің штабына, сондай-ақ Әкімшілік полиция комитетінің аналитикалық бөлінісіне комитеттер басшылығының, аумақтық органдар, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.
Өңірлік Полиция департаменттері, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аппараттарындағы штабтарға қалалық, аудандық бөліністердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының және оның ведомстволарының салалық қызметтеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.
Ішкі істер органдарында жұмыс
стандарттарын (қызметкердің нақты
жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне
қойылатын алгоритм, қағидалар және
талаптар) белгілеу қағидаларына
қосымша
ЖҰМЫС СТАНДАРТЫ
_________________________________________________(лауазымның құрылымдық тиесілігін көрсете отырып атауы)_________________________________________________ лауазымы бойынша
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыс стандарты мынадай негізде белгіленді:
_________________________________________
_________________________________________
_________________________________________