Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12479 болып тіркелді
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес (31.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары бекітілсін.
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына электрондық түрдегі ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 925 Бұйрығымен (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) 26.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.04.2020 жылғы № 196 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 8-тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру (бұдан әрі – ТЖЕК) тәртібін айқындайды.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 жылғы № 170 Бұйрығына сәйкес (31.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.05.2021 жылғы № 251 Бұйрығына сәйкес (10.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) емтихан комиссиясы – емтихан тапсырушы адамдардан емтихан қабылдау үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменттері құрған комиссия;