Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді алыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 12618 болып тіркелді
Редакция 05.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.06.2022 жылғы № 601 Бұйрығына сәйкес (13.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 237 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10820 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 694 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 02.02.2016 жылғы № 46 Бұйрығымен (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 29.02.2016 жылғы № 91 Бұйрығымен (02.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2016 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 01.03.2019 жылғы № 160Бұйрығымен (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 13.01.2022 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (01.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді.
3. «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабының 4-тармағына сәйкес таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, тізілімдерде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және олар төлемақы алынбай, танысу үшін мүдделі тұлғаларға қолжетімді.
2-тарау. Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдердің түрлері
4. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер (бұдан әрі – тізілімдер) мынадай түрлерге бөлінеді:
Полная версия
ИС BestProfi