Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды кредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12535 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-21) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығымен (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2019 жылғы № 499 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 01.04.2020 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Техникалық және технологиялық жағынан күрделі бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді және сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-21)-тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар мен рұқсат беру талаптары техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді және бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілерде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру бойынша сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу рәсімін регламенттейді және «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау мен техникалық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібін айқындайды.
2) аккредиттеу – бірінші және екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтерді немесе сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдардың өкілеттіктерін уәкілетті органның ресми тану рәсімі;