Близость слов: Окончание:





Жекешелендірудің 2016 - 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысы
Редакция 09.02.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар);
2) Кешенді жоспарды іске асырудың нысаналы индикаторлары;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.03.2019 жылғы № 114 Қаулысымен (13.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.03.2019 жылдан бастап)
3) жекешелендірілетін компаниялардың тізіміне енгізудің түйінді өлшемшарттары (қағидаттары) бекітілсін.
1 тармақ 3-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 15.03.2019 жылғы № 114 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.03.2019 жылдан бастап)
2. Теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен асатын, басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын мемлекеттік ұйымдар және ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдары (бұдан әрі – ірі ұйымдар) бойынша:
2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2018 жылғы № 405 Қаулысына сәйкес (10.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1) 1-қосымшаға сәйкес басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесі бекітілсін;
2) жергілікті атқарушы органдар 2-қосымшаға сәйкес басым тәртіппен бәсекелес ортаға беруге жататын коммуналдық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесін бекітсін;
3) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға 3-қосымшаға сәйкес басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесін бекіту ұсынылсын.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.07.2018 жылғы № 405 Қаулысына сәйкес (10.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына:
1) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдардың тізбесін бекіту;
2) қажет болған жағдайда, стратегиялық инвесторларды тарту мақсатында 3 және 4-қосымшаларда көзделген заңды тұлғалардың акциялар пакеттерін/қатысу үлестерін бөлшектеуді жүзеге асыру;
3) қажет болған жағдайда, экономикалық орындылығы мақсатында 4-қосымшада көрсетілген заңды тұлғаларды сауда-саттық жүргізбей, қайта ұйымдастыру немесе тарату ұсынылсын.
4. Жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдар, бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдар, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдары бойынша:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.04.2017 жылғы № 194 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)
1) 5-қосымшаға сәйкес жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесі бекітілсін;
2) жергілікті атқарушы органдар 6-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекітсін;
3) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, акционерлік қоғамдарға 7-қосымшаға сәйкес бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесін бекіту ұсынылсын;
4) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, акционерлік қоғамдарға қажет болған жағдайда, экономикалық орындылық мақсатында 7-қосымшада көрсетілген заңды тұлғаларды сауда-саттық өткізбестен, қайта ұйымдастыру немесе тарату ұсынылсын.
Полная версия
ИС BestProfi