«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2020
"Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 658 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қаңтарда № 12816 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 13 маусымнан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 29.05.2020 жылғы № 225 Бұйрығына сәйкес
1. «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11057 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар ауданның және қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО);
2) www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
«1) құжаттар топтамасын ХҚКО-ға, сондай-ақ порталға тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күні.
ХҚКО-ға өтініш берген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;»;
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға (бұдан әрі - 1-қосымша) сәйкес нысан бойынша негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз түрінде алуға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен расталады және көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғаның қолы қойылады.
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.»;
«8. Жұмыс кестесі:
Полная версия