Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің 6 және 7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін ұйымдардың шығындарын өтеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 234 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде шығындарын өтеу жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін ұйымдардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілген медициналық қызметтері үшін тарифтерді қалыптастыру әдістемесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілген медициналық қызметтері үшін ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 234 бұйрығына 1-қосымша
Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде шығындарын өтеу жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін ұйымдардың тізбесі
1. «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ;
2. «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ;
3. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ;
4. «Республикалық диагностикалық орталық» АҚ;
5. «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ;
6. «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 234 бұйрығына 2-қосымша
Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілген медициналық қызметтері үшін тарифтерді қалыптастыру әдістемесі
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілген медициналық қызметтері үшін тарифтерді қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінің 6 және 7-тармақтарына сәйкес әзірленген және «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсететін еншілес ұйымдардың (бұдан әрі - пилоттық ұйымдар) амортизациялық шығыстарын өтеу кезінде ТМККК-нің көрсетілген медициналық қызметтері үшін тарифтерді қалыптастыру әдістемесін айқындайды.
Полная версия