Близость слов: Окончание:





Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығы
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қаңтарда № 12804 болып тіркелді
Редакция 18.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 жылғы № 279 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
       _______________Е. Досаев
2015 жылғы 4 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 30 қазандағы
 № 1023 бұйрығымен
 бекітілген
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.06.2017 жылғы № 396 Бұйрығымен (30.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 951 Бұйрығымен (26.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 жылғы № 540 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - осы Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының және 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасының талаптарына сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 жылғы № 279 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқыш пен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларға (бұдан әрі - пайдаланушы) ұшуға рұқсат беру тәртібін және «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2020 жылғы № 279 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi