«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысы
Редакция 15.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Халықаралық шарттарға сәйкес уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген ақша қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
1. Қызметінің негізгі мәні «Байқоңыр» ғарыш айлағының ғарыштық инфрақұрылым объектілерінің базасында экологиялық қауіпсіз жаңа «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру болып табылатын «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы 2005 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2004 жылғы 22 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге сәйкес сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер:
1) «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҒЗК) құрамында пайдалану болжанып отырған техникалық және ұшу кешендерінің жабдығына тексеріс жүргізу, бөлшектелетін жабдықтың құрамын анықтау, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтау;
2) «Бәйтерек» ҒЗК құрамында пайдалану болжанып отырған техникалық және ұшу кешендерінің құрылыс конструкциялары мен инженерлік-техникалық жүйелерін зерттеу;
3) «Бәйтерек» ҒЗК-ге техникалық жобаны әзірлеу, жаңа агрегаттар мен ұшу және техникалық кешендер жүйелерінің жаңаларын жасау және жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіру жөніндегі тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға техникалық тапсырмалар беру, инвестицияларды негіздеу үшін бастапқы деректерді беру;
4) ұшу және техникалық кешендердің, жердегі жабдық жинақтарының, тексеру аппаратурасы мен тасымалдау құралдарының жаңадан жасалатын және жетілдірілетін технологиялық агрегаттары мен жүйелеріне эскиздік жобалар мен конструкторлық құжаттама шығару;
5) техникалық тапсырмаларды, бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу, «Бәйтерек» ҒЗК құрамында пайдалану болжанып отырған ұшу және техникалық кешендер жабдығының белгіленген көрсеткіштерін ұзарту жөнінде жұмыс жүргізу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, қорытындылар беру;
6) «Бәйтерек» ҒЗК жұмыстарында іске қосылмаған жабдықты бөлшектеу;
7) кешеннің құрылыс бөлігіне бастапқы деректерді беру, ұшу және техникалық кешендерді қайта жаңартуға арналған инвестициялардың негіздемесін әзірлеу;
8) жобаның жұмыс құжаттамасының негізінде іздестіру жұмыстарын жүргізу;
9) ұшу және техникалық кешендерді қайта жаңарту жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған жұмыс жобасын әзірлеу;
Полная версия