1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда «Егемен Қазақстан» № 332-333 (26176) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
"Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 620 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12604 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1041 - «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелер демеушілік, қайырымдылық көмектен алатын ақшаның түсімі мен оның жұмсалуы есепке алынады;»;
отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1093 - «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің пайдалану үшін трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады, олар жалпы сипаттағы трансферттерге, нысаналы ағымдағы трансферттерге, нысаналы даму трансферттеріне, жеке тұлғаларға берілетін трансферттерге бөлінеді;»;
«1216 - «Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуге трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», мұнда республикалық бюджеттен халыққа төлеу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің зейнетақыларды және жәрдемақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, жерлеу үшін жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер) бөлінген қаражаттар қозғалысы есепке алынады.»;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия

