Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12675 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабы 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері, диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері, арнайы киім, жеке қорғаныш құралдары Еңбек кодексінің 16-бабының 34) және 35) тармақшаларына сәйкес бекітілген нормаларға (бұдан әрі – Нормалар) сай беріледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) арнайы киім – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқкиім, баскиім, қолғап, өзге де жеке қорғаныш құралдары;
2) жеке қорғаныш құралдары – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;
4) ұжымдық қорғаныш құралдары – жұмыс істейтін екі және одан көп жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
2-тарау. Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер беру тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері жұмыскерлерге өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестациялау нәтижелері бойынша кәсіптік аурулар мен уланудың алдын алу, олардың денсаулығын нығайту мақсатында беріледі.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Сүтті бірдей тамақ өнімдерімен жұмыскердің және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерімен алмастыруға жұмыскерлердің келісімімен жол беріледі және ұжымдық шарттың шешімімен немесе жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Сүт ұзақтығына қарамастан, әр ауысымға (үзіліс уақытында) химиялық заттарды өндірумен немесе қолданумен байланысты жұмыстарда жұмыскердің нақты жұмыс iстеген күндерінде Нормалар бойынша беріледі.
7. Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері жұмыс басталар алдында таңертеңгі ыстық ас түрінде және ұйымның медициналық-санитариялық бөлімінің келісімімен түскі ас кезінде беріледі. Жоғары қысым жағдайында (кессондарда, барокамераларда, суда жүзетін жұмыстарда) жұмыс істейтін жұмыскерлерге диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері шлюзға өткеннен кейін беріледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері, сондай-ақ, толық жұмыс күнін құрылыс, құрылыс-монтаж, құрылыс-жөндеу және іске қосу баптау жұмыстарында өткізетін жұмыскерлерге, негізгі жұмыскерлерге, жөндеу персоналына диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері белгіленген ерекше зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін өндірістердегі жабдықтарды тазалауды жүргізетін, жөндеу және консервацияға дайындайтын жұмыскерлерге беріледі.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері көзделмеген басқа жерлердегі жұмыстарды орындаған күндері;
10. Сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдер өткен уақытқа немесе бірнеше ауысымға алдын ала беруге, сондай-ақ өз уақытында алынбаған сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдері үшін өтемақы төлеуге рұқсат етілмейді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Еңбек жағдайының ерекше зияндылығына байланысты жұмыс берушінің есебінен диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерін алатын жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген басқа да азық-түлік берілмейді.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.06.2026 жылғы № 273 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. Жұмыскерлерге арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Жеке қорғаныш құралдары жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде не осы құралдарды пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты беріледі.
16. Жеке қорғаныш құралдары (противогаздар, өздігінен құтқарғыштар, сақтандыру белбеулері, масаханалар, каскалар және де өзге де құралдар) жүйелі түрде сынақтан өткізілуге және дұрыстығы тексерілуге, ал қорғаныш қасиеттері төмендеген сүзгіштер, шынылар және өзге де бөлшектер уақытында ауыстырылуға тиіс. Тексеруден кейін жеке қорғаныш құралдарында келесі сынақ мерзімдері туралы белгі (таңба, мөртаңба) қойылады.
17. Жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарына тиісті күтімді ұйымдастырады, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын алдын-ала өңдеуді, сондай-ақ оларды жөндеуді уақытында жүзеге асырады.
18. Еңбек жағдайлары бойынша қажет болған жағдайда, ұйымдарда жеке қорғаныш құралдарын алдын ала өңдеуге арналған кептіргіштер, камералар мен қондырғылар орнатылады.
19. Жеке қорғаныш құралдарын алдын ала өңдеу және жөндеу жұмыскерлер жұмыстан бос уақытта (демалыс күндері) немесе ауысымаралық үзілістер кезінде жүргізіледі.
Егер Нормаларда жұмыскерлерге арнайы киімнің екі немесе үш жинақтамасын беру көзделсе, жеке қорғаныш құралдарын алдын ала өңдеу және жөндеу жұмыс уақытында жүзеге асырылуы мүмкін, жұмыскерлерге осы уақытқа жұмыс берушілерде қажетті мөлшерде болуға тиіс арнайы киімнің ауысымдық жинақтамалары беріледі.
20. Қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін немесе жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша белгіленген мерзімінен бұрын жарамсыз болып қалған арнайы киім ауыстырылуға тиіс.
22. Жұмыскерлерге берілген арнайы киімді және басқа жеке қорғаныш құралдарын сақтау үшін жұмыс беруші жұмыскерлерге құрылыстық нормалар мен ережелер, санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған бөлмелер (гардеробтар) береді.
24. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақыты нормасын толық орындаған жұмыскерге жуу құралдарының (иіс сабыны, шаруашылық сабыны, жуу ұнтағы) айлық нормасы 500 граммнан төмен емес белгіленеді.
25. Ұжымдық қорғаныш құралдары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылар өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу және реконструкциялау кезінде технологиялық процестерді, машиналар конструкциясын, механизмдерді, жабдықтарды және басқа да өнімдерді ескере отырып, техникалық регламенттерге, стандарттарға және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес көзделеді.
26. Гардероб, душ, жуынатын орынмен, емдік-профилактикалық құралдармен, медициналық қобдишалармен, дәретханамен, жартылай душтар орналасатын орындармен, ауыз сумен жабдықтау қондырғыларымен, арнайы киімді жылытуға немесе салқындатуға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған, басқа да санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібі мен шарттары ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.