Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.05.2020
"Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 637 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12784 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 3 мамырдан бастап ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.04.2020 жылғы № 390 Бұйрығына сәйкес     
1. "Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10708 болып тіркелген "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 4 мамырында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларында : көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада : реттік нөмірі 8-жол мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
  8 Әкімші тағайындалған күн   уақытша әкімші*                  
                           
        оңалту басқарушысы                  
сот банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім шығарған жағдайда толтырылмайды"; көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада : мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-1-жолмен толықтырылсын:
  33-1 Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінің күні                      
банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат нысанына 3-қосымшада: "Мүлікті өткізу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
  "
Мүліктің түрі (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз)
   
Мүлік   Мүліктік кешен   Кәсіпорынды сату    
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Полная версия
ИС BestProfi