Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 376 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12408 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 жылғы № 132 Бұйрығына сәйкес (13.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 жылғы № 132 Бұйрығына сәйкес (13.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 жылғы № 132 Бұйрығына сәйкес (13.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі
Осы Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 жылғы № 132 Бұйрығына сәйкес (13.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.01.2021 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (23.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - СБӘ) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 14-бабы 1-тармағының 41-40) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ халықаралық стандарттар мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО құжаттары) ұсынылған тәжірибесін және Мемлекетаралық авиация комитеті (бұдан әрі - МАК) ұсыныстарының талаптарын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) қолданыстағы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларының (бұдан әрі - ҚР АА ӘПЖН) талаптарына әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) сипаттамалары мен параметрлерінің сәйкестігін бағалау үшін әзірленген.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 жылғы № 132 Бұйрығына сәйкес (13.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)