Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12696 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 26.07.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бекiтiлсiн.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 365 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11464 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурсты (бұдан әрі – конкурс) бос лауазымы және (немесе) уақытша бос лауазымы бар қазынашылық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – ұйым) ұйымдастырады және өткізеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Азаматтық қызметші лауазымына кандидатты іріктеу кезінде қажетті бейін бойынша білімі, кәсіптік даярлық деңгейі, сондай-ақ азаматтық қызметшіге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі негізгі талаптар болып табылады.
4. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі Кодекстің 16-бабының 16) тармақшасына сәйкес Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.
2-тарау. Азаматтық қызметке кіру
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
6. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару жолымен жүзеге асырылады.
Азаматтық қызметке конкурс бойынша кіруге конкурстық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) оң қорытындысы негіз болып табылады.
Азаматтық қызметші лауазымына тағайындалу үшін өтініш беруші ұйымға Кодекстің 32-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
6-1. Азаматтық қызметке конкурстық негізде кіру конкурстық негізде алмастырылатын азаматтық қызметшілердің лауазымдарының тізбесіне сәйкес, ұйым басшысы айқындайтын бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарға жүзеге асырылады.
2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Азаматтық қызметші лауазымына тағайындау адам тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
9. Қазыналық кәсіпорынның басшысын тағайындауды тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен жүзеге асырады.
Қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасарларын лауазымға осы кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) тағайындайды.
Лауазымға басшының ұсынуы бойынша тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) тағайындайтын қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы кәсіпорынның жарғысында белгіленеді.
10. Азаматтық қызметші оның жазбаша өтініші бойынша тиісті ұйымдардың басшылары арасындағы келісімге сәйкес басқа мемлекеттік мекемеге (қазыналық кәсіпорын) жұмысқа ауыстырылады.
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ алынып тасталды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Ұйымда азаматтық қызметшінің бос лауазымы бар болған жағдайда, тиісті ұйым құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын ұйымның және тиісті саланың (жергілікті атқарушы органның) интернет - ресурсында хабарландыру орналастырады.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін қажетті құжаттарды табыс еткен адамдар конкурсқа қатысушылар болып табылады.
14. Комиссияның шешімі негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.
15. Комиссия кемінде бес адамнан (комиссия мүшелерінен) тұратын алқалы орган болып табылады.
16. Комиссия төрағадан, хатшыдан (кадр қызметінің өкілі) және комиссия мүшелерінен тұрады.
17. Қажет болған жағдайда конкурс өткізу жөніндегі комиссияның құрамына олардың келісімі бойынша мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
18. Ұйым:
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) конкурс өткізілетін күн мен орынды белгілейді;
3) конкурс өткізу туралы хабарландыруды интернет-ресурста және ұйымның қаражаты есебінен мерзімді баспа басылымдарында жариялауды қамтамасыз етеді;
4) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді;
5) комиссияны қалыптастырады және өз ұйымының өкілдері қатарынан комиссия төрағасын тағайындайды;
6) комиссия отырысын ұйымдастырады.
19. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) орналасқан жерін, поштаның мекенжайын, телефон және факс нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, конкурс өткізетін ұйымның атауы;
2) негізгі функционалдық міндеттерін, еңбек ақы көлемі мен шарттарын белгілей отырып, бос лауазымдардың атауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;
4) конкурсты өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланымынан кейінгі келесі жұмыс күнінен есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі;
5) қажетті құжаттардың тізімі;
6) әңгімелесуді өткізу орны.
Егер конкурс уақытша бос лауазымға өткізіліп жатса, бұл шарт конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
20. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін 19.02.2021 жылғы № 46 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Азаматтық қызметке тұру кезінде, ол адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.
Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.
21. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:
1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
2) кандидаттармен әңгімелесулер өткізу;
3) конкурстың қорытындысын шығару.
22. Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін біліктілікті бағалауды жүргізеді.
23. Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келу мәніне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тізімін бекіту туралы және (немесе) әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
24. Ұйым кандидаттардың тізімін бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту туралы, әңгімелесу өтетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді. Бұл ретте әңгімелесу өтетін күн кандидаттардың әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақытты қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;
2) біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберуден бас тарту туралы хабардар етеді.
25. Комиссия кандидаттармен әңгімелесу жүргізген кезде кандидаттардың осы лауазымға функционалдық міндеттерді орындауына қажетті кәсіби білімдері айқындалады.
26. Комиссия отырысы оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
26-1. Тараптардың келісуі бойынша әңгімелесу бейнебайланыстың қашықтық құралдары арқылы өтеді.
3-тарау 26-1-тармақпен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
27. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша шешім кандидаттың қатысуынсыз ашық дауыс беру жолымен бір күн ішінде қабылданады.
28. Кандидат, егер оған комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытындыға ие болады. Дауыс берген кезде дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
29. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда комиссияның кез-келген мүшесінің жазбаша түрде баяндалатын, комиссия отырысының хаттамасына қоса берілетін пікірін білдіреді.
30. Комиссияның шешімі төраға мен комиссия мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
31. Ұйым әңгімелесуден өткен кандидаттарды конкурс аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның нәтижелері туралы жазбаша хабардар етеді. Хабарламамен бірге кандидаттарға ұйымның мөрімен (бар болса) куәландырылған комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі жіберіледі.
31-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
32. Комиссия конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша ұйымның басшысына конкурстың жеңімпазын азаматтық қызметші лауазымына қабылдау туралы ұсыныммен қоса комиссияның шешімін енгізеді.
33. Егер конкурс нәтижесінде комиссия осы лауазымға орналасуға кандидаттарды анықтамаған болса, конкурс өткізілмеді деп танылады.
34. Комиссияның оң қорытындысына ие болған кандидатпен ұйымның басшысы еңбек шартын жасасады және азаматтық қызметке қабылдау туралы акт шығарады, онымен азаматтық қызметші таныстырылады.
34-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2021 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (19.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
35. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныстырылады.
36. Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымданады.
Полная версия