Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 9 желтоқсандағы
 № 1182 бұйрығына
 2-қосымша
«Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 27 мамырдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 26.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.03.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 26.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтіжесін ұсыну нысаны электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік (авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік телнұсқасы) беру немесе «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшуға пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11742 болып тіркелген) «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасы бар өтінімді (бұдан әрі - құжаттар) беруі немесе электронды сұрау болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.03.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 26.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
авиациялық жұмыстарды орындауға куәлікті беру үшін:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамға қарауға жіберу, отыз минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жауапты құрылымдық бөлімшесін анықтауы және қарар жазуы, екі сағат ішінде;
3) құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны анықтауы және қарар жазуы, екі сағат ішінде;
4) жауапты орындаушының құжаттарды қарауы, оларды тапсырған сәттен бастап жиырма жұмыс күні;
5) жауапты орындаушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма жұмыс күні аспайтын мерзімде:
құжаттарды қараудан бас тарту үшін негіздемелері болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді;
құжаттар сәйкес болған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушыға сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы шешімді жібереді;
6) сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен сертификаттық тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады;
Полная версия
ИС BestProfi