2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.07.2023
Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1140 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 24 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1140 қаулысымен бекітілген
Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және сауда-делдалдық қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет пайдаланбайтын мемлекеттік меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды, көлік құралдары мен жабдықтарды және ғимараттар мен құрылыстар алып жатқан жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кепілдік жарна – тендерге қатысу үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі енгізетін ақша сомасы;
2) қатысушы – тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы мен өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;
4) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға;
5) объектілер – мемлекет мақсаты бойынша бір жылдан астам уақыт пайдаланбайтын және жекешелендіру нәтижесі бойынша өткізілмеген ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары мен жабдықтар және ғимараттар мен құрылыстар алып отырған жер учаскелері;
6) тендер – бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер), әкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер (бұдан әрі – атқарушы органдар) өздері қабылдаған бастапқы шарттардың негізінде ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылардың бірімен шарт жасасуға міндеттенетін, тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;
7) теңгерім ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;
8) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру шарттары бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – тізілім);
9) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Полная версия