2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 37-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2017
Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы және "Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 598 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 678 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 12917 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қаржы министрінің 28.11.2016 жылғы № 618 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
2. «Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 598 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10174 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 678 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК
___________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Салық төлеушінің атауы __________________________________________
Тегі ________________________________
Аты _________________________________
Әкесінің аты ________________________
(бар болған кезде)
ЖСН (БСН) ___________________________
Тіркелген күні _________________________________________________
Қалыптастырған күні ____________________________________________
№ _______ Сериясы _____
Полная версия