Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.06.2017
Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттік қызмет істері
 министрінің
 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 26 бұйрығына
 1-қосымша
Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі
Әдістеме күшін жойды 2017 жылғы 26 маусымнан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 23.05.2017 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес
1. Персоналды басқару тиімділігін бағалаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін (бұдан әрі – Жүйе) іске асыру мақсатында әзірленген.
2. Әдістеме орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарында персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған. 
3. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жүзеге асырады. 
Орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандық бөлімшелерін қоспағанда, облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару тиімділігін бағалау объектісі болып табылады. 
Министрлікке қатысты персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі – Премьер-Министр Кеңсесі) іске асырады. 
4. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін Министрлікте орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі Сараптамалық комиссияның кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылады. Жұмыс тобының құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
5. Персоналды басқару тиімділігін бағалау есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен Кестеге (бұдан әрі – Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппараттары ақпаратты Министрлікке Кестеге сәйкес қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
7. Персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды Министрлікпен осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарда персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланушы мемлекеттік органдарға ұсынылады.
Премьер-Министр Кеңсесімен әзірленген Министрлікте персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
8. Персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштер бойынша баллдар осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес беріледі.
9. Персоналды басқару тиімділігін бағалау Министрлікке осы Әдістемеге 3 -8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік органдар жолдаған ақпаратты талдау, мемлекеттік қызметшілердің арасында сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша жүргізіледі.
10. Мыналар персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін ақпарат көздері болып табылады:
1) мемлекеттік органдардың статистикалық деректері және автоматтандырылған электрондық өткізу жүйесінің мәліметтері;
2) осы Әдістеменің өлшемдеріне сәйкес келетін бағыттар бойынша уәкілетті органдар жүргізген тексерістердің барысында алынған мәліметтер;
3) мемлекеттік қызметшілерге жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері;
Полная версия
ИС BestProfi