Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.06.2017
Персоналды басқару тиімділігін бағалаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 26 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12693 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 26 маусымнан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 23.05.2017 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 45-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі; 
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін. 
1) «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 10 қарашадағы № 23 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9953 болып тіркелген, 2015 жылдың 2 сәуірінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 8 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12189 болып тіркелген, 2015 жылдың 9 қарашасында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің мемлекеттік қызмет мәселелеріне  жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі Т.Донақов
Полная версия
ИС BestProfi