Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.01.2016
Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 10 қарашадағы № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 желтоқсанда № 9953 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 22 қаңтардан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 31.12.2015 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 45-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
1) «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7384 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 02-01-02/191 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8263 болып тіркелген);
3) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/187 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9063 болып тіркелген);
4) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 04-2-4/42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9284 болып тіркелген).
3. Агенттік Төрағасының орынбасары Ахметжанов С.Қ. осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
 сыбайлас жемқорлықққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
 2014 жылғы 10 қарашадағы
 № 23 бұйрығына
 1-қосымша
Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі
1. Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін (бұдан әрі – Жүйе) іске асыру мақсатында әзірленген.
2. Әдістеме орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарында персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.
3. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi