Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.06.2017
Қазақстан Республикасының
 Мемлекеттік қызмет істері
 министрінің
 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 26 бұйрығына
 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі
Әдістеме күшін жойды 2017 жылғы 26 маусымнан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 23.05.2017 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес
1. Персоналды басқару тиімділігін бағалаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін (бұдан әрі – Жүйе) іске асыру мақсатында әзірленген. 
2. Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған. 
3. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жүзеге асырады. 
Ұлттық Банктің орталық аппараты және оның филиалдары мен өкілдігі персоналды басқару тиімділігін бағалау объектілері болып табылады. 
4. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін Министрлікке орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі Сараптамалық комиссияның кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылады. Жұмыс тобының құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
5. Персоналды басқару тиімділігін бағалау есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен Кестеге (бұдан әрі – Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін ақпаратты Министрлікке Ұлттық Банктің Кестесіне сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынады.
7. Персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды Министрлікпен осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
Персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және Ұлттық Банкке ұсынылады.
8. Персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштер бойынша баллдар осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес беріледі.
9. Персоналды басқару тиімділігін бағалау Министрлікке осы Әдістемеге 3 -9 қосымшаларға сәйкес Ұлттық Банк жолдаған ақпаратты талдау, Ұлттық Банктің қызметшілері арасында сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі.
10. Мыналар персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін ақпарат көздері болып табылады:
1) Ұлттық Банктің статистикалық деректері және автоматтандырылған электрондық өткізу жүйесінің мәліметтері;
2) осы Әдістеменің өлшемдеріне сәйкес келетін бағыттар бойынша уәкілетті органдар жүргізген тексерістердің барысында алынған мәліметтер;
3) Ұлттық Банкінің қызметшілеріне жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты.
11. Жүйенің 51-тармағына сәйкес Министрлік Ұлттық Банктің есептік ақпараттарындағы мәліметтерге қайта тексеру жүргізеді. 
Полная версия
ИС BestProfi