1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2020
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығына 4-қосымша
Осы Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 27.11.2015 жылғы № 973 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2018 жылғы № 835 Бұйрығына сәйкес (10.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 27.11.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 7 (жеті) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (толығымен автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша аккредиттеу аттестаты немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік көрстетілетін қызмет көрсетуге бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш береді.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, ғимараттың немесе үй-жайдың бар-жоғы, көрсетілетін қызмет алушы жұмыскерлерінің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;
2) «Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10496 болып тіркелген) бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
11-тармақтың бірінші бөлімі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 25.10.2019 жылғы № 928 Бұйрығына сәйкес (13.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол тапсырылады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.
Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 8000 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына немесе портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға поштамен, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.emer.gov.kz, «Байланыстар» бөлімі;
2) Министрліктің - www.mvd.gov.kz, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністері» баннері, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті» бөлімі, «Байланыстар» кіші бөлімі.
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны 8 (7172) 60-21-33, Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары 1414, 8 8000 080 7777.
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ
№____________________________ аккредиттеу аттестатының нөмірі
ОСЫ АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ _________________________________________________ ұйымның заңды мекенжайы __________________________________________ БЕРІЛДІ ұйымның атауы және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 19-2) тармақшасына сәйкес осы сараптама ұйымы өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша жұмысты орындауға аккредиттелгенін куәландырады. Сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімінде аккредиттеу аттестатын тіркеу күні _________________________________ Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі __________ бастап ______________ дейін Төраға _______________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар
комитетінің төрағасы
_________________________
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы өтініш
Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және ________________________________________________________________________ (ұйымның атауы)
өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аттестат беруіңізді сұраймын.
Ұйымның орналасқан жері: _______________________________________________
Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің № және күні ____________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басшы _____________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________ (күні)
Полная версия