Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.07.2020
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 705 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 12929 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 09 шілдеден бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11555 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» және «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2015 жылғы 24 желтоқсандағы
 № 705 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2015 жылғы 2 маусымдағы
 № 358 бұйрығына 1-қосымша
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11212 болып тіркелген) негізінде Жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызметті көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқасы.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
       Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетіле отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың дайын болғаны туралы хабарлама жолданады.     
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
Полная версия
ИС BestProfi