«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 4-2 тармағына және 624-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе сөзбасы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 26.12.2015 жылғы № 690 Бұйрығына сәйкес (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 16.11.2015 жылғы № 561 Бұйрығына сәйкес (15.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 26.12.2015 жылғы № 690 Бұйрығына сәйкес (16.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 19.10.2016 жылғы № 555 Бұйрығына сәйкес (26.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімінің нысаны;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомалары бойынша салық тіркелімінің нысаны;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік есепте төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйлықақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тіркелімі нысаны;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес кредит (қарыз) бойынша және оған сыйлықақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тізілімі нысаны;
10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар жөніндегі салық міндеттемелерін, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі міндеттемелерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мен жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық міндеттемелерін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;
14) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес 1.2 «Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп» (үстеме пайда салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
15) осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес 1.3 «Өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қозғалысы туралы есеп» (қосылған құн салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;
16) осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес 1.4 «Өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» (пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны»;