Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.03.2022
Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1034 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 қаңтарда № 12956 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 17 наурыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ-20 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және
 әлеуметтік даму министрінің
 2015 жылғы 28 желтоқсандағы
 № 1034 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Стандарт меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлердегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдарында науқастарға нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптарды белгілейді.
3. Осы Стандартта пайдаланылатын анықтамалар:
1) емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі - Портал) - пациенттерді ТМККК шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
2) консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК) - тәулік бойы медициналық бақыланбайтын мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
3) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) - тәулік бойы медициналық бақыланбайтын, адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер кешенін қамтитын дәрігерге дейінгі немесе мамандандырылған медициналық көмек;
Полная версия
ИС BestProfi