Қылмыстық қудалау органдарының заңдарды қолдануына прокурорлық қадағалауды тиісті ұйымдастыру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 12.02.2018
Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 50 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Бас Прокурорының 12.12.2018 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес, 126-1 – 126-16-тармақтарынан бөлек, олар 01.01.2018 жылға дейін қолданылды
Редакция 29.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымша баяндалған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының кейбір актілерінің күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Н.М. Исаевқа жүктелсін.
4. Бұйрық Бас әскери прокурорына, Бас көлік прокурорына, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың, қаланың, ауданның және оған теңестірілген прокурорларына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мекемелері мен ведомстволарының басшыларына жіберілсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 наурыз № 50 бұйрығымен бекітілген
Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, қылмыстық-процестік және өзге де заңнаманың негізінде қылмыстық қудалау органдарының актілері мен қызметінің заңдылығын, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды шешудің және сотқа дейінгі тергеу жүргізудің заңнамада белгіленген тәртібінің сақталуын қадағалауды (бұдан әрі - қадағалау) ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейді.
2. Қадағалаудың негізгі міндеті сотқа дейінгі іс жүргізу барысында заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
3. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қадағалаудың тұрақты басым бағыттары:
3-тармақ өзгертілді ҚР Бас Прокурорының 30.12.2015 жылғы № 166 Бұйрығымен (30.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1) қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін қарау кезінде заңдылықты сақтау;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтармен келтірілген зиянды өтетуге қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалауға жетекшілік жасайтын Бас Прокурордың орынбасары, Бас Прокурордың келісуімен жыл сайын, 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде алдағы жылға арналған бірінші кезектегі бағыттардың тізілімін бекітеді (басты бағыттар).
3-тармақша екінші абзацпен толықтырылды ҚР Бас Прокурорының 30.12.2015 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес
Көрсетілген мерзімде барлық қадағалау қызметі осы бағыттарды жүзеге асыруға жұмылдырылады.
3-тармақша үшінші абзацпен толықтырылды ҚР Бас Прокурорының 30.12.2015 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес
4. Қадағалау қызметін ұйымдастыру аймақтық-тақырыптық қағидат бойынша жүзеге асырылады.
Полная версия

