Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.06.2021
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 4-6/1067 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12896 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 20.04.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 7 желтоқсандағы
 № 4-6/1067 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11432 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.03.2021 жылғы № 81 Бұйрығына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 өзгерістер енгізілетін кейбір
 бұйрықтарының тізбесіне
 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес (07.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi