«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.11.2020
Аудиторлық ұйымдарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 526 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда № 9967 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы № 706 Бұйрығына сәйкес (27.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.02.2016 жылдан бастап) Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 жылғы № 915 Бұйрығына сәйкес
Редакция 10.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Аудиторлық ұйымдарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы № 706 Бұйрығына сәйкес (27.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.02.2016 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 526 бұйрығымен бекітілген
Аудиторлық ұйымдарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар
Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы № 706 Бұйрығына сәйкес (27.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.02.2016 жылдан бастап)
1 – тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 жылғы № 658 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Аудиторлық ұйымдарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - АҚ/ТҚҚ туралы Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі - ФАТФ) халықаралық үлгілеріне сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы № 706 Бұйрығына сәйкес (27.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.02.2016 жылдан бастап)
2. Осы Талаптарда Қаржы мониторингінің субъектілеріне аудиторлық ұйымдар (бұдан әрі - Субъектілер) жатады.
3. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылған ұғымдар АЖ/ТҚҚ туралы Заңда, «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада пайдаланылады.
4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 10.11.2017 жылғы № 658 Бұйрығымен (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) клиент - Субъектілердің қызметін пайдаланатын жеке және заңды тұлға;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері - Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық істерге қасақана немесе байқамай тарту мүмкіндігі;
Полная версия