Близость слов: Окончание:





Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 қаулысы
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
"Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік" және "Техникалық байқаудың халықаралық сертификаты" екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдау бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес автомобиль, су және теміржол көлігі саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
3) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері "Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлік" екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган болып;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде "Ірі салмақты және (немесе) ірі өлшемді автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат" және "Отандық рұқсат" екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті "Қауіпті жүктерді тасымалдау маршрутына қол және мөр қою" екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 25 ақпандағы
№ 4қаулысына
1-қосымша
Автомобиль, су және теміржол көлігі саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар
р/с
Рұқсат беру рәсімінің атауы Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы
1 2 3
1-сынып - "қызметке берілетін рұқсаттар"
1. Көлік құралына халықаралық қатынастағы қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру Көлік құралына халықаралық қатынастағы қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік
2. 1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру 1, 6, және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат
3. Жүк көлік құралдарына салмақ өлшеудің халықаралық сертификатын беру Жүк көлік құралдарының салмағын өлшеудің халықаралық сертификаты
4. Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат карточкасын беру Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат карточкасы
5. Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершілiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiк беру Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершілiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiк
2-сынып - "объектілерге берілетін рұқсаттар"
6. Бербоут-чартерлік тізілімде теңіз кемесін мемлекеттік тіркеу
 
Бербоут-чартер шартымен жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік
7. Кемелерді Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiмiнде мемлекеттік тіркеу Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік
8. Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу Кеме билеті
9. Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу Шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлік
10. Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу Кеме куәлігі
11. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру (Сауда мақсатында теңізде жүзу) Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік
12. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік беру Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік
13. Теміржол жылжымалы құрамын тіркеу Теміржол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
3-сынып - "біржолғы рұқсаттар"
14. Техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне қосу Техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне қосу туралы жазбаша хабарлама жіберу
15. Ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат беру Ірі салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының жүруіне арнайы рұқсат
16. Шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағымен транзитпен жүріп өтуге рұқсат Жол жүруге әмбебап рұқсат
17. Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты орындаған кезде күнтізбелік бір жыл қолданылу мерзімімен "А" түрінің шетелдік рұқсаты
18. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағымен жүріп өтуіне рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ екінші елдің аумағынан үшінші елдің аумағына тасымалдаулар) Шетелдік рұқсат
19. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің тасымалдаушыларына Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуіне рұқсат (келуге, кетуге және транзитпен жүріп өтуіне әмбебап рұқсат, сондай-ақ үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдаулар) Отандық рұқсат
20. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат
5-сынып - "жеке тұлғаларға кәсіптік қызметке берілетін рұқсаттар"
21. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау Кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өту туралы анықтама
22. Кәсіби дипломды беру Кәсіби диплом
23. Кәсіби дипломның растамасын беру Кәсіби дипломның растамасы
24. Жеңілдік рұқсат беру Жеңілдік рұқсаты
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 25 ақпандағы
№ 4қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1175-құжат).
2. "Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  20 қарашадағы № 1463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 824-құжат).
3. "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1030-құжат). 
Полная версия
ИС BestProfi