Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.09.2022
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 49 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда № 13203 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 25 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 05.09.2022 жылғы № 309/НҚ Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 133 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10501 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылы 9 шілдеде № 129 (28607), «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларында:
«9) мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету.»;
«6) «қалай болады» қызметін көрсету процесінің сипаттамасы.
Кіші бөлімде оңтайландыруды және автоматтандыруды ескере отырып, қызмет көрсетудің нұсқалары «қалай болады» қызметін көрсету процестерінің схемалары және олардың мәтіндік түсіндірмелері түрінде сипатталады. Қызметті көрсетудің бірнеше баламалы нұсқалары («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, мемлекеттік органның кеңсесі, ЭЛП немесе ЭҮП арқылы) болған жағдайда, схемалар мен олардың сипаттамасы әр нұсқа үшін жеке құрылады.
«Қалай болады» қызметін көрсету процесінің схемасын сипаттау және құру қағидаттары «қазіргі таңда» процесін сипаттауға ұқсас.
«Қалай болады» процесін сипаттауда мыналар көрініс табады:
ішкі және сыртқы порталдарға бөле отырып, ЭҮП пен ЭЛП-тің қатысуы;
басқа ақпараттық жүйелермен немесе деректер қорларымен өзара іс-қимыл;
процеске барлық қатысушылардың ЭҮП-пен немесе ЭЛП-пен өзара іс-қимылы;
барлық мүмкін болатын кіру мен шығулар (өтінішті қабылдау, нәтижесін беру).
«2) мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелерді (мемлекеттік қызметті көрсету процесін автоматтандырған жағдайда) өзара және «электрондық үкіметтің» веб-порталымен немесе «электрондық лицензиялау» веб-порталымен және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қоса алғандағы мерзімдері мен орындалу тәртібі.».
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 
2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Полная версия
ИС BestProfi