Близость слов: Окончание:





Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13227 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2018 жылғы № 611 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.11.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 15.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 08.08.2023 жылғы № 252 Бұйрығына сәйкес (27.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2018 жылғы № 611 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.11.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысаны;
2) осы бұйрыққа 4 - қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шартының нысаны;
3) осы бұйрыққа 5 - қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы үлгілік шартының нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2016 жылғы 28 қаңтардағы
 № 93 бұйрығына
 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 02.11.2018 жылғы № 611 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.11.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 15.04.2020 жылғы № 143 Бұйрығымен (өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 08.08.2023 жылғы № 252 Бұйрығына сәйкес (27.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шарты
Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «мектепке дейінгі ұйым» деп аталатын
 ___________________________________________________________________________________________________ (мектепке дейінгі ұйымның атауы) атынан басшысы ___________________________________________________________________________________________________ (мектепке дейінгі ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты, болған жағдайда) бір жағынан және екінші жағынан ________________________________________________________________ (баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) бұдан әрі «ата-ана» деп аталатын ата-анасының (баланың заңды тұлғаларының) біреуі ___________________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, (болған жағдайда) (бұдан әрі – Тараптар) арасындағы қарым-қатынасты анықтау және реттеу мақсатында төмендегілер туралы осы шарт жасалды:
Полная версия
ИС BestProfi