Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13133 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 14.11.2024 жылғы № 894 Бұйрығына сәйкес (27.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтардың, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының, азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 22.01.2020 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес (16.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қағидалар «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарының азаматтық қызметшілер лауазымдарын қоспағанда, педагогтар, ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу (бұдан әрі – ІІМ білім беру ұйымдары) тәртібін анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. ІІМ бiлiм беру ұйымдарындағы педагогтардың лауазымдарына функциялары білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыруды көздейтін лауазымдар жатады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ІІМ бiлiм беру ұйымдарындағы ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына функциялары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін алу және іске асыруды көздейтін лауазымдар жатады.
3. ІІМ бiлiм беру ұйымдарындағы конкурс негізінде орналасатын педагогтардың, ғылыми қызметкерлердің лауазымдары осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 270 Бұйрығына сәйкес (22.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)