Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019
Тіркеуші есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 256 қаулысы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13140 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 263 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.07.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркеуші есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен жасалған «керi РЕПО» және «РЕПО» операциялары туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес меншікті активтер есебінен орналастырылған салымдар мен ақша туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес шартты талаптар (міндеттемелер) туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қаржы құралдарын аудару операциялары туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметтің қорытындылары туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес тіркеуші қызмет көрсететін инвестициялық қорлардың және инвестициялық қорлардың пайларын (акцияларын) ұстаушылардың саны туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес эмитенттердің дауыс беретін акциялары туралы есептің нысаны;
10-1) осы қаулыға 10-1-қосымшаға сәйкес акцияларды ұстаушылар тізілімі туралы есептің нысаны;
1-тармақ 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес Тіркеушінің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Тіркеуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
1) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және  6)тармақшаларында көзделген есептілікті – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күніне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде; 
2) осы қаулының 1-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген есептілікті – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызына дейінгі (қоса алғанда) мерзімде;
3) осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген есептілікті – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың онына дейінгі мерзімде;»
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2018 жылдан бастап)
Полная версия
ИС BestProfi