«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 08.07.2018
"Электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13350 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 8 шілдеден бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 31.05.2018 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электронды түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 124 бұйрығымен бекітілді
«Электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптар (бұдан әрі - Талаптар) «электронды үкіметтің» архитектурасын дамытуға тұтас және бірыңғай қатынас мақсатында «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы талаптарда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) ақпараттандырудың өзара әрекеттесу сервисі - стандартты хаттамаларын арқылы ақпарат алмасу үшін арналған бағдарламалық қамтамасыз ету;
2) ақпараттың эталондық көзі – ммелекеттік органның нормативтік құқықтық актісі немесе құқықтық актісімен айқындалатын және ақпаратты есепке алу мен құжаттаудың бастапқы көзі немесе ақпараттың ең толық және шынайы көзі болып табылатын ақпараттық ресурс.
3) жалпы техникалық міндет - бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау, интеграция, енгізу және сүйемелдеу пайдаланылатын техникалық операциялар мен процестердің жиынтығы; қамтамасыз ететін типтік мемлекеттік функция - мемлекеттің мемлекеттік органдардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ететін функциясы;
4) интернет - браузер - интернет-ресурстарды байланыс және басқару мазмұнды қарау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету;
Полная версия

