Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.10.2018
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы 343 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 184 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 наурызда № 13444 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 18 қазаннан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 04.10.2018 жылғы № 536 Бұйрығына сәйкес
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"1. Осы бұйрыққа 1-546-қосымшаларға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 122-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-24-қосымшаларға сәйкес 524-546-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев): 
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым Министрі  Е. Сағадиев  
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым Министрінің
 2016 жылғы 29 ақпандағы
 № 184 бұйрығына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі міндетін атқарушының
 2013 жылғы 16 тамыздағы
 № 343 бұйрығына 122-қосымша
5В073200 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Полная версия
ИС BestProfi