Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13466 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 81 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10518 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 cәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары
Осы Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (05.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
кіші буын басшыларын (аға операторларды, техникалық қызмет көрсету және техникалық қолдау топтарының бастықтарын және олардың орынбасарларын) қамтитын персонал;
2) техниктер – бақылау-өлшеу аппаратурасының техниктерін, радиациялық бақылау техниктерін , химиялық зертхана техниктерін, техник-механиктерді, техник-электриктерді және электрондық аппаратура техниктерін қамтитын персонал, сондай-ақ ядролық қондырғыны пайдалануға байланысты жұмыстармен тікелей айналысатын өзге де мамандандырылған персонал;
3) жұмысшылар – дәнекерлеушілерді, слесарьларды, механиктерді, электриктерді, механизмдер операторларын және басқа да білікті жұмысшы персоналды қамтитын персонал.
3. Радиациялық қауіптілігі 1 және 2 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін мамандарға қойылатын біліктілік талаптары:
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес, құжат түрінде расталған атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4. Радиациялық қауіптілігі 3 және 4 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін мамандарға қойылатын біліктілік талаптары:
5. Радиациялық қауіптілігі 1 және 2 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін техниктерге қойылатын біліктілік талаптары:
1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін техникалық мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары, орта білімнен кейінгі білімі немесе орта білімі (техникалық және кәсіптік);
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес, құжат түрінде расталған атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
6. Радиациялық қауіптілігі 3 және 4 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін техниктерге қойылатын біліктілік талаптары:
1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін техникалық мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары, орта білімнен кейінгі білімі немесе орта білімі (техникалық және кәсіптік);
Үй-жайларды, жабдықтарды және материалдарды қатерсіздендіру (радиоактивті ластанудан тазарту) бойынша жұмыстарды жүргізу үшін, сонымен қатар радиациялық оңалту, аумақтарды және объектілерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жоғарғы, орта білімнен кейінгі білімі немесе орта (техникалық және кәсіби) білімі жоқ жұмысшыларды тартуға рұқсат етіледі.