Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 146 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 наурызда № 13523 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 жылғы №198 Бұйрығына сәйкес
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 жылғы № 383 Бұйрығына сәйкес (25.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
ақылы негіздегі арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – ақылы қызметтер) – қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс қызметтер.
3. Ақылы қызметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген) Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына (бұдан әрі – Стандарттар) сәйкес қызметтерді алушыларға көрсетіледі.