Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.11.2020
Адвокаттарға және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 708 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 наурызда № 13500 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 жылғы № 915 Бұйрығына сәйкес 
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Адвокаттарға және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Әділет министрі 
_________ Б. Имашев 
20__ жылғы «__» ___________
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2015 жылғы 28 желтоқсандағы
 № 708 бұйрығымен
 бекітілген
Адвокаттарға және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар 
1. Жалпы ережелер
1. Осы Адвокаттарға және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі – ФАТФ) Халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген. 
2. Осы Талаптарда қаржы мониторингінің субъектілеріне (бұдан әрі – Субъектілер) клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын жағдайларда адвокаттар және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар жатады. 
3. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында айқындалған нысан (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны); 
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық әрекетке қасақана немесе байқаусыз тарту мүмкіндігі; 
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру оларды тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, оларды айқындау, сондай-ақ оларды төмендету бойынша Субъектілер қолданатын шаралар жиынтығы (көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге қатысты); 
4) клиент – Субъектіден көрсетілетін қызметтерді алатын жеке немесе заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi