Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Халықты жұмыспен қамту туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңы
Осы Заң күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 20.04.2023 жылғы № 224-VII Кодексіне сәйкес
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 13.05.2020 № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгеріс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді).
Редакция 26.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтiк жұмыс орны – халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн олардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші құратын жұмыс орны;
1-тармақша өзгертілді ҚР 16.04.2018 жылғы № 147-VІ ҚРЗ Заңымен (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2018 жылы № 73 (28702) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал осы Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VI Заңына сәйкес (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
4) еңбек нарығы – жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
5) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
5-тармақша өзгертілді ҚР 03.01.2022 жылғы № 101-VII Заңымен (12.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.04.2018 жылғы № 147-VІ ҚРЗ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2018 жылы № 73 (28702) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-1-тармақша алынып тасталды алынып тасталды ҚР 25.06.2020 жылғы № 347-VI Заңына сәйкес (13.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-2) еңбек ресурстарын болжамдау ұлттық жүйесі – жұмыс күшіне болжамды тұрғыдан сұранысты және ұсынысты айқындауға мүмкіндік беретін, қолданылатын әдістер мен тәсілдер кешені;
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VI ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 08.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамту – Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбекке, кәсiп пен қызмет түрін таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;
7) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу;
7-1) жалдамалы жұмыскер – еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын не тәртіптемені және жұмыс істелген уақыт не өндірілген тауардың бірлігі үшін не көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді тапсырыс беруші айқындайтын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VI ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 08.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) жаңа жұмыс орны – жаңа мекемені (ұйымды), кәсіпкерлік субъектісін (тоқтату арқылы құрылғаннан басқа) құруға байланысты құрылған немесе жұмыскерлердің санын арттыру, сондай-ақ жұмыскердің жаңа білімін, дағдылары мен ептілігін талап ететін өндіріс технологияларын жаңғырту немесе өзгерту арқылы құрылған жұмыс орны;
9) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
9-1) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіпқой медиатор;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 203-VI ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 08.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi – еңбек делдалдығын көрсететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.04.2018 жылғы № 147-VІ ҚРЗ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.04.2018 жылы № 73 (28702) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi