Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020
"Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 188 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 20.11.2019 жылғы № 861 Қаулысына сәйкес
1. «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 245-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесінде:
2-тармақта:
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның қайта өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
он екінші абзац алып тасталсын;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«10) стратегиялық әріптестер - тапсырыс беруші айқындайтын, тиісті (интеллектуалдық, ғылыми, әдіснамалық, білім беру, технологиялық, кадрлық) ресурстары бар және мына:»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«оқыту үдерісін қамтамасыз ететін кабинеттер мен зертханалар үшін жабдықтарды әзірлеу және өндіру салаларының бірінде немесе бірнешеуінде халықаралық қызмет тәжірибесі бар ұйым;»;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші, төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Тапсырыс берушілер индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімде оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөнінде ақпарат береді.
Ұлттық басқарушы холдингтің және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуындағы жергілікті қамту жөніндегі ақпарат шоғырландырылып, ұлттық басқарушы холдинг атынан индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша және мерзімде беріледі.»;
18-тармақта:
«27) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің авиаотынды мұнай өңдеуші кәсіпорындардан сатып алуы;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия