Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2021
Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13262 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 02.04.2021 жылғы № 114/НҚ Бұйрығына сәйкес 
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 15-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес интернет-ресурстардың мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. «Мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығын Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10395 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 49 (27925) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасының
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін атқарушының
 2016 жылғы 28 қаңтардағы
 № 116 бұйрығына
 1-қосымша
Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидалары
1. Осы Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7 бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын (бұдан әрі – интернет-ресурс) ақпараттық толықтырудың қағидаларын айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолдануы орталық және жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға таралады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.
1) интернет-ресурс – Интернетте жұмыс істеп тұрған және аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған, бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар, көрінетін мәтіндік, графикалық, аудиовизуальдік немесе басқа да түрдегі электрондық ақпараттық ресурс; 
Полная версия
ИС BestProfi