«Бизнестің жол қартасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2019 жылғы № 1060 Қаулысына сәйкес
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі − Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және кәсіпкерлердің кредиттері бойынша міндеттемелердің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Кепілдік беру кәсіпкерлердің «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі − Бағдарлама)/ «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі (бұдан әрі − Тетік) шеңберіндегі кредиттері бойынша жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Кепілдік беру кәсіпкерлерді қаржылық қолдау құралы болып табылады және кредиттік ресурстарға қол жеткізуді кеңейту мен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 940 Қаулысына сәйкес (31.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.06.2017 жылғы № 373 Қаулысына сәйкес (23.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.08.2018 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.08.2019 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес (28.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бағдарлама бойынша − облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Агроөнеркәсіптік кешендегі, өңдеу өнеркәсібіндегі өңдеу және Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде көрсетілетін қызметтер ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде бөлінетін республикалық бюджет қаражаты Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру құралына бағытталуы мүмкін. Қаржы агенттігі өңірлердің қажеттілігіне қарай алынған қаражатты бөлуді дербес жүзеге асырады. Кепілдік беру құралына арналған Шарт бойынша бөлінген және қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражат кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға қайтарылады.
Тетік шеңберінде кепілдік жағдайы (кепілдік бойынша төлем) туындаған кезде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жылына кемінде екі рет қаржы агенттігі мен уәкілетті орган арасында жасалған Тетік шеңберінде кепілдік беру үшін қаражат аударуға арналған келісімнің негізінде қаржы агенттігіне республикалық бюджеттен жобалар бойынша қаржы агенттігі орындаған талаптың 100 %-ы мөлшерінде төлем жүргізеді.
1) банк – екінші деңгейдегі банк, оның ішінде Бағдарламаға қатысатын даму банкі/Тетікке қатысатын екінші деңгейдегі банк;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.
Ислам банкі үшін кредит қаржыландыру – кәсіпкерге ислам банкі қаржыландыру шартына сәйкес ұсынатын тауар үшін төлемді кейінге шегеру немесе бөліп төлеу ретінде түсініледі;
3) кепілдік беру – Бағдарламада/Тетікте, осы Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалған шарттарда кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2019 жылғы № 248 Қаулысына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 17.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) кепілдік – банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша кепілдік шартынан туындайтын кәсіпкер міндеттемелерін орындау үшін кепілдік сомасының шегінде қаржы агенттігінің банк алдында жауап беру міндеттемесі;
4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
5-тармақ 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.06.2016 жылғы № 370 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2016 жылы № 126 (28854) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
5) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;