Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 253 Жарлығы
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің ақпарат, ақпараттандыру және байланыс саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру аясындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын және құрылған мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі;» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;».
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Полная версия