Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2017
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 сәуірде № 13623 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 24 сәуірден бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 15.03.2017 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының  5-тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12705 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін. 
2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 585 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12231 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.  
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік департаменті (А.М. Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2016 жылғы 25 наурыздағы
 № 217 бұйрығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі
1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12705 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметші) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Қызметшінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
Полная версия
ИС BestProfi