Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.11.2022
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субьектілерін оқыту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 401 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 мамырда № 13686 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2022 жылғы 12 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.10.2022 жылғы № 75 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 401 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11436 болып тiркелген, 2015 жылғы 25 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;
«Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
«1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Іскерлік байланыстар» құралы бойынша «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» құрамдауышы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді (Нормативтiк құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11181 болып тiркелген).».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін 
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Полная версия
ИС BestProfi